Әлем

Бразилияда жыл басынан бері 2 мыңнан астам сәби микроцефалиямен туылған

© Sputnik / Виталий Аньков / Медиабанкке өтуАрхивное фото ученых в лабораториии
Архивное фото ученых  в лабораториии - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Бразилияда жыл басынан бері микроцефалиямен туылған баланың саны артып келеді. Бұл ретте мұндай індет Бразилияның барлық штатында кездеседі.

АСТАНА, 16 қаз – Sputnik. Бразилияда жыл басынан бері 2 мыңнан астам сәби микроцефалиямен туылған. Ол аналарының Зика індетіне шалдығуына байланысты болуы мүмкін, деп хабарлады оңтүстік америка елінің денсаулық сақтау министрлігі. 

Осындай баланың даму кемістігімен туылуы елдің барлық 26 штаты мен астаналық округінде анықталған. Ең көбі Пернамбуко штатында – 389 жағдай анықталған.  

Бір жыл бұрын Бразилияның медицина билігі микроцефалияның 9,8 мың жағдайы тіркелуіне байланысты дабыл қаққан, кейіннен 4,7 мың жағдай расталмаған. Бұл ретте Зика індетінен туындаған микроцефалияға шалдыққан сәбилердің саны ол кезде 386-ны құраған, деп атап өтеді Telesur арнасы. 

Зика індеті маймылдардың жіті жұқпа ауруы, ол әдетте аламға маса шағулары арқылы таралады. Вирус жүкті әйелдерге қауіптірек, өйткені ол ұрықта микроцефалияны туғызады. 

 

Жаңалықтар
0