Оқиға

Ресейде жолаушыны өлтірген Қазақстан пойызының жолсерігі сотталды

© Sputnik / Сергей Красноухов / Медиабанкке өтуПойыз
Пойыз - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Ресейде жанжал кезінде жолаушыны шампурмен өлтірген Қазақстан пойызының жолсерігі сегіз жылғы ас бостандығынан айыруға сотталды, деп хабарлады РФ Батыс Сібір көлік прокуратураның баспасөз қызметі.

АСТАНА, 16 қаз – Sputnik.  Ресейде жанжал кезінде жолаушыны шампурмен өлтірген Қазақстан пойызының жолсерігі сегіз жылғы ас бостандығынан айыруға сотталды, деп хабарлады РФ Батыс Сібір көлік прокуратураның баспасөз қызметі. 

Алтай өлкесі Алексей қалалық соты РФ ҚК 111-бабы 4-бөлімімен (Абайсызда жәбiрленушiнiң өліміне әкеп соққан денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтiру)  қарастырылған қылмысты жасады деп танылған Қазақстан Республикасының азаматына қатысты қылмыстық іс бойынша үкім шығарды. 

"Сот айыптыны жазасын қатаң режимдегі колонияда өтеумен 8 жылға бас бостандығынан айыруға сотталды", — делінген хабарламада. 

Сот кезінде анықталғандай, өткен жылдың 19 тамызында  Топчиха стансасы – Батыс-Сібір темір жолы (Алтай өлкесі) Алейская стансасы арқылы бағыт алған "Новосібір-Алматы" қатынасындағы №301 жолаушылар пойызының құрамындағы №19 плацкарт вагонының жолсерігі жұмыс тамбурында жолаушылардың бірімен жанжалдасу кезінде шампурмен оның  көкірек қуысынан соққан.  Алған жарақаттардан жолаушы көз жұмды. 


Жаңалықтар
0