АСТАНА, 16 қаз – Sputnik. Республиканың басым бөлігінен атмосфералық фронталды бөліктердің өтуіне байланысты кей жерлерде жауын-шашын сақталады, тұман, көктайғақ болып, жел күшейеді, деп хабарлайды "Қазгидромет" метеоқызметі.
Синоптиктердің болжамынша, Ақмола, Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман, желдің жылдамдығы 15-20 м/с-ға дейін күшейеді.
Маңғыстау, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман, желдің жылдамдығы 15-20 м/с-ға дейін күшейеді, Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде көктайғақ күтіледі.
Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Павлодар облыстарының кей жерлерінде тұман күтіледі.
Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде тұман, көктайғақ болады, Қарағанды облысында желдің жылдамдығы 15-20 м/с-ға дейін күшейеді.
Алматы облысының кей жерлерінде тұман, Жалаңашкөл ауданында желдің жылдамдығы 17-23 м/с-ға дейін күшейеді.