Әлем

Солтүстік Осетиядағы автобус апаты: жолаушыларды жеткізу мәселесі қаралуда

Жазылу
Солтүстік Осетия-Алания Республикасы бойынша Ресейдің ТЖМ МБ бастығы Александр Хоружий "Белсан-Владикавказ" жолының сегізінші шақырымында болған көлік апатының бастапқы нұсқасын айтып берді.

"4:30-да Мәскеу-Ереван  автобусы мен автотасығыштың қатысуымен жол апаты орын алды. Бастапқы мәлімет бойынша автотасығыш орнынан қозғалмаған, автобус тұрған көлікке келіп соғылған. Көлік апаты салдарынан автобустағы 50 адамның ішінде бесеуі қаза тапты, 27-сі ауруханаға жатқызылды. Жағдайлары әркелкі, қазір дәрігерлер оларға тиісті жәрдем беріп жатыр", — деді Хоружий.

Оның айтуынша, 13 адам уақытша орналастыру пункті – Беслан қаласындағы Мәдениет үйінде. Ол жерде ыстық тамақ пен жатын орын ұйымдастырылған. 


Жаңалықтар
0