Жұмыртқа бүкіл елдер мен мәдениеттердің ұлттық ас мәзірінде қолданылады, сонымен қатар ағзаға пайдасы мол қасиетімен де белгілі.
Осы бір керемет мерекенің қарсаңында Sputnik Қазақстан "Rafe food & restaurant" елордалық кафесінде қонақ болып, әйгілі француз таңғы асы – пашот жұмыртқасын әзірлеу тәсілін көріп келді.
"Пашот" сөзі француз тілінің "poche" сөзінен шыққан, қазақша "қалта" дегенді білдіреді. Әзірлеу тәсілі оңай емес, дұрыс шығу үшін біраз тырысуға тура келеді.
Пашот жұмыртқасының рецепті өте көп, " Rafe " шеф-аспазы Саид Валиев бұл тағамды итальян аспазы Стефано Брагиноның әдісі бойынша әзірлеп берді.