Қоғам

Жан-жақты бақылау: ҚР мемлекеттік қызметкерлердің жұмыстағы үзілісі есепке алынады

CC0 / gc1366 / Секунд өлшеуіш
Секунд өлшеуіш - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Қазіргі уақытта мемлекеттік органдарға тайм-менеджментті енгізу туралы мәселе қарастырылуда.

АСТАНА, 14 қаз — Sputnik. Қазақстанның мемлекеттік қызметкерлерінің ведомствода шай ішіп, темекі шегуге кететін уақыттары есепке алынады деп хабарлады ҚР мемлекеттік қызмет істері және жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының орынбасары Айгүл Шаимова.

Ол қазіргі уақытта мемлекеттік органдарға тайм-менеджментті енгізу туралы мәселенің қарастырылып жатқандығын атап өтті.

"Оның мағынасы неде? Бұл қызметкерлердің уақытын өлшейді. Олар жұмысқа келіп тек қана өз істерімен шұғылданбайды. Негізінде, темекі шегіп, шай ішетіндері де рас. Сол себепті мемлекеттік қызметкерлердің жұмыс уақытын қадағалап, тайм-менеджмент қағидаларын енгізу қажет", — деді Шаимова жұма күні дөңгелек үстел барысында.

Жақып Асанов - Sputnik Қазақстан
Қоғам
Жақып Асанов: кітап оқыңыздар да, адамша жауап беріңіздер

"Мемелкеттік қызметкерлердің мөлшерден артық жұмыс істейтіндері де жалған емес. Органдар қызметін бағалау аясында біз тиісті есептеулер жүргіздік. Мұндай жағдайлар көптеп кездеседі", — деді Шаимова.

Үстеме жұмыс үшін ақы төлеу бюджет есебінен болмауы тиіс, бірақ мемлекетті орган жетекшілері қаражатты үнемдеу аясында қол астындағыларға үстеме ақы беруге хақы бар деді агенттік төрағасының орынбасары.


Жаңалықтар
0