АСТАНА, 14 қаз — Sputnik. Магнитудасы 3,3 жер сілкінісі Қазақстан мен Қырғызстан шекарасы аумағында Алматыдан 37 шақырымдай қашықтықта болды деп хабарлады ҚР БҒМ сейсмологиялық тәжірибе-әдістемелік экспедициясы.
Сейсмологтардың мәліметінше, жер сілкінісі Алматы уақыты бойынша жұма күні 11:53-те тіркелген.
"Жер сілкінісі эпицентрі Алматы қаласынан оңтүстікке қарай 37 км қашықтықта, Қырғызстан мен Қазақстан шекарасында орналасқан", — делінген хабарламада.