АСТАНА, 13 қаз – Sputnik. Алматы облысында дауылдық ескерту жарияланды, деп хабарлайды "Қазгидромет" мемлекеттік метеоқызметінің баспасөз қызметі.
"14 қазанда түнде Алматы облысында жауын-шашын, кей жерлерде қатты жауын-шашын жауады. 15 қазанда түнде ауа температурасы 1-6 градусқа дейін төмендеуі күтіледі", — делінген хабарламада.
Бұл ретте, Қазақстанның шығысы мен солтүстігінде өткен аптада қар жауды. Ал 11 қазан күні Астанаға қар жауды.
Ақмола облысының Гранитный ауылында да жағдай қиын. Ол жерге де қыс келіп үлгерді, бірақ дербес қазандықтың апатына байланысты 500-ге жуық тұрғыны мен барлық әлеуметтік нысандар жылусыз қалды. Мектепте оқушылар сыртқы киіммен отыруға мәжбүр.


