Оқиға

Алматыдағы журналистке шабуыл: полиция қылмыстық іс қозғады

© Sputnik / Андрей Стенин / Медиабанкке өтуқылмыстық іс
қылмыстық іс - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Алматыда бейтаныс адам журналист Ирина Медниковаға шабуыл жасады. Полиция қызметкерлері "Тонау" бабы бойынша қылмыстық іс қозғады.

АСТАНА, 13 қаз – Sputnik. Алматыда бейтаныс адам журналист Ирина Медниковаға шабуыл жасады. Полиция қызметкерлері "Тонау" бабы бойынша қылмыстық іс қозғады.

"Маған үйімнің жанында шабуыл жасалды. Ер адам жерге сүйреп, тізелерімді қан-жоса етті. Көлікке ұрып, сөмкемді алып қашты!!!…Бүгін түнде Атыраудағы Zhascamp-қа ұшқалы жатыр едім. Сөмемнің бәрі осы жобаға толы болатын. Жұмыс ақпараты енгізілген қатқыл диск, электрондық үлгідегі іс-шараға қатысты таратуға арналған материалдар, жеткізушілермен жасалған келісім-шарттар, мөр, Zhascamp қатысушыларына арналған жол жүру гранттары болған"- деп жазды Мендикова  Facebook-тегі парақшасында. 

Зардап шеккен қыздың айтуынша, шабуылдаған адам жалғыз болмаған, оны аулада қара Тойота көлігінде тағы біреу күтіп отырған.  Ұрыға қарсы жүгіріп шығып, қызды көрген соң көлігіне қайтып отырып алған. 

"Есеңгіреген мен одан көмек сұрап едім, полицияға телефон соғуға бірлігі жоқ екенін айтып, кетіп қалды. Содан кейін олардың бірге болғанын түсіндім. Көлік нөмірін жазып алдым. Шабуылшы да мені күтіп тұрды – аулаға кіре салысымен мен оны байқадым. Танығысы келгендей түріме мұқият қарады", — деп жазады қыз өзінің басынан өткен оқиғаны. 

Алматы қаласы ІІД ресми өкілі Салтанат Әзірбектің Sputnik Қазақстанға  хабарлауынша, аталған іске қатысты ҚР ҚК 191-бабы (тонау) бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі уақытта шабуыл жасаған күдіктіні анықтау және қолға түсіру жұмыстары бойынша кешенді арнайы жедел шаралар жүрзігіліп жатыр.


Жаңалықтар
0