АСТАНА, 13 қаз — Sputnik. Алматыдағы екі жасар керіктің өліміне хайуанаттар бағының қызметкерлері қатысы болуы мүмкін, деп хабарлады Sputnik Қазақстанға мекеменің баспасөз хатшысы Тоқтар Әлиев.
Меломан лақапты керік хайуанаттар бағында 5 қазанда көз жұмды. Осыған дейін Әлиев атап өткендей, жануардың денсаулығы жақсы болған. Ешқандай сырқат белгілері анықталмаған. Алдын ала болжам бойынша керікті улаған, өлім себебін сараптама анықтайтын болады.
"Біз бұрынғы тәжірибелі қызметкерлермен бірге хайуанаттар бағының жанынан құрған ішкі тергеу қызметі сенімді түрде оған қатысы болуы мүмкін шағын адамдар ортасын белгіледі. Ол хайуанаттар бағының қызметкерлері, шамамен 10 адам", — деді Әлиев Sputnik Қазақстанға телефон арқылы.
Оның атап өтуінше ол қызметкерлер уақытша қызметтерінен шеттетілген.
Мелман Алматы хайуанаттар бағында дүниеге келді. Оның ата-анасы – Хана мен Сулу – Оңтүстік Афкрика республикасынан 2000 жылы әкелінген.