АСТАНА, 13 қаз — Sputnik. ҚР парламенті сенатының депутаттары Қазақстан мен Тәжікстан арасындағы стратегиялық серіктестікке қатысты келісімді ратификациялау заңына қол қойды, ол келісім бойынша елдер бір-біріне қарсы күш қолданбауға міндеттеледі деп хабарлайды Sputnik Қазақстан агенттігі тілшісі.
Екі ел арасындағы стратегиялық серіктестік туралы келісімшарт 2015 жылы 14 қыркүйекте Душанбе қаласында жасалған болатын.
Бұдан бұрын ҚР сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары Мұхтар Тілеуберді айтқандай, келісімшарт әскери, әскери-техникалық, сауда-экономикалық, мәдени-гуманитарлық сфералардағы, азаматтық қорғаныс және энергетика салаларындағы ынтымақтастықты кеңейтуге бағытталған.
Осы келісімшартқа сәйкес тараптар бір-біріне қарсы күш қолдануға, өзге елдермен серіктес елдің егемендігіне, қауіпсіздігіне және территориялық біртектілігіне зиян келтіретіндей келісімшарт жасаспауға міндеттеледі деді Тілеуберді.