АСТАНА, 13 қаз — Sputnik. Қазақстанның басым бөлігінде атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты бейсенбі күні ауа райы жауын-шашынды болмақ деп хабарлайды "Қазгидромет".
Синоптиктердің мәліметінше, күндіз оңтүстік және оңтүстік шығыста кей жерлерде қатты жауын-шашын болып, тек батыс аймақтарда ғана жауын-шашынсыз ауа райы сақталады. Кей жерлерде тұман түсіп, көктайғақ болуы мүмкін, желдің ұйытқуы 15-20 м/с.
Алматы, Оңтүстік Қазақстан облыстарында кей жерлерде желдің күшеюі байқалады – 15-20 м/с. Ақмола, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Павлодар облыстарында кей жерлерде тұман түсіп, көктайғақ болады.
Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарында кей жерлерде тұман түсіп, көктайғақ болады, желдің ұйытқуы 15-20 м/с. Жамбыл облысында кей жерлерде тұман түседі, желдің ұйытқуы 16-21 м/с.