Қоғам

Қазақстанда ТМД елдерінің ҰОС ардагерлері жеңілдіктер ала алады

© Sputnik / Павел Лисицын / Медиабанкке өтуҰлы Отан соғысы ардагерлерінің медалдері
Ұлы Отан соғысы ардагерлерінің медалдері - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне, басқа мемлекеттердің аумағындағы ұрыс қимылдарына қатысушыларға, қаза тапқан әскери қызметшілердің отбасыларына арналған жеңілдіктер мен кепілдіктерді өзара тану туралы келісімге 1994 жылғы 15 сәуірде қол қойылды.

АСТАНА, 12 қаз — Sputnik. Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев «1994 жылғы 15 сәуірдегі Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне, басқа мемлекеттердің аумағындағы ұрыс қимылдарына қатысушыларға, қаза тапқан әскери қызметшілердің отбасыларына арналған жеңілдіктер мен кепілдіктерді өзара тану туралы келісімге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы хаттаманы ратификациялау туралы" Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды, деп хабарланады Ақорданың баспасөз қызметінде.

Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне, басқа мемлекеттердің аумағындағы ұрыс қимылдарына қатысушыларға, қаза тапқан әскери қызметшілердің отбасыларына арналған жеңілдіктер мен кепілдіктерді өзара тану туралы келісімге 1994 жылғы 15 сәуірде қол қойылды.

Оған ТМД-ның 12 елі қол қойды, олардың ішінде Қазақстан да бар. Келісімге өзгерістер енгізу туралы хаттамаға 2015 жылғы 30 қазанда Душанбе қаласында қол қойылды.

Жаңалықтар
0