Экономика

Бозымбаев Қашағанда мұнай шығару туралы айтып берді

© Sputnik / Анатолий УстиненкоҚашаған мұнай кен орны
Қашаған мұнай кен орны - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Қашағанның геологиялық қоры 4,8 миллиард тонна мұнай деп бағаланды. Жалпы мұнай қоры 38 миллиард баррелді құрайды, табиғи газ қоры 1 триллион метр кубтан асады.

АСТАНА, 12 қаз — Sputnik.  Қашағаннан мұнай шығару барысы жақсы өтіп жатыр, сәрсенбі күні таңертеңгі көрсеткіш тәулігіне 90 мың баррелге дейін жетті деп хабарлады энергетика министрі Қанат Бозымбаев.

"Қашағанда бәрі жақсы, жұмыс бір қалыпты жүріп жатыр. Мұнай шығару жай ғана басталған жоқ, бүгін таңертең көргенімде, төрт ұңғымадан тәулігіне 90 мың баррель мұнай қарқынды түрде алынуда", — деді Бозымбаев парламент мәжілісінің пленарлық отырысынан кейін тілшілерге.

Оның айтуынша,  Қашағаннан шығарылған мұнай жеткізілетін "Болашақ" тазалаушы зауыты да жұмыс істеп тұр.

"Қазір зауытқа бүкіл құрылғылар біртіндеп жеткізілуде. Бірақ мұнай "Болашақ" деңгейінен асып кетті, кеше кешкі мәлімет бойынша мұнай "ҚазТрансОйл" резервуарына түскен", — деді министр.

"Енді мұнай біртіндеп жинала береді, біраз уақыттан соң оператор да, акционерлер де алғашқы экспорттық келісімшарттар туралы жариялайтын болады", — деп сөзін аяқтады Бозымбаев. 

Қашағанның геологиялық қоры 4,8 миллиард тонна мұнай деп бағаланды. Жалпы мұнай қоры 38 миллиард баррелді құрайды, табиғи газ қоры 1 триллион метр кубтан асады.


Жаңалықтар
0