АСТАНА, 12 қаз — Sputnik. Жүргенов атындағы қазақ ұлттық өнер академиясының бұрынғы студенті мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлын пара сұрап, сексуалды алымсақтық жасады деп айыптады. Министрліктің баспасөз қызметінің мәлімдеуінше, ведомство басшысы істің мән-жайы анықталғанға дейін ешқандай пікір білдірмейді.
"Құрметті БАҚ, ғаламтор басылымдары және әлеуметтік желі өкілдері! Министр өз абыройын сот арқылы заң талабына сай қорғайды. Арыстанбек Мұхамедиұлы сот шешімі шыққанға дейін бұл мәселе бойынша қандай да бір пікір білдіруден бас тартады", — делінген хабарламада.
9 қазан күні Youtube-те өзін Т.Г. Жүргенов атындағы қазақ ұлттық өнер академиясының бұрынғы студентімін деп таныстырған Еңлік Сыдықованың видео мәлімдемесі жарияланды. Ол кезінде ЖОО ректоры болған Арыстанбек Мұхамедиұлын сексуалды алымсақтық жасады деп айыптады. Қыз университетке түскісі келіп, бірақ емтиханға кешігіп қалған екен. Оның айтуынша, бастапқыда Мұхамедиұлы мәселені үш мың долларға шешейік деп ұсыныпты, бірақ содан соң қыздың өзі жайлы сұрастыра бастаған.
Қазіргі уақытта Жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросы істің мән-жайын анықтауда.