АСТАНА, 12 қаз — Sputnik. Астана медициналық университетінің студенті Ерасыл Әубәкіровті өлтіргені үшін үш адамға ұзақ мерзімге бас бостандығынан айыруға үкім шығарылып, жазасын қатаң режимді колонияда өтейтін болды деп хабарлайды Sputnik Қазақстан агенттігі тілшісі сот залынан.
Сот алдына үш адам келді — Андрей Тихоненко, Виталий Шерстенев және Нұрбек Әжімбай.
Тихоненко, Шерстенев және Әжімбай 262-ші қылмыстық баптың 2-бөлігі (Ұйымдасқан топ, қылмыстық ұйым құру және басқару, оған қатысумен тең), 126-бап 3-бөлік 1-пункт (Заңсыз бас бостандығынан айыру), 99-бап 2-бөлік 3,48,10,15-ші пункттер (Кісі өлтіру); 194-бап 4-бөлік 1, 2-ші пункттер (Бопсалаушылық) бойынша айыпталды. Тихоненко мен Шерстенев сонымен қатар 28-ші қылмыстық баптың 5-бөлігі – 121-баптың 3-бөлігі 6-пункті (Нәпсіқұмарлық сипаттағы күш қолдану әрекеттеріне қатысу) бойынша айыпталса, ал Әжімбай – 28-бап 3-бөлік, 4-бөлік – 121-бап 3-бөлік 6 пункт бойынша айыпталды.
Астана медициналық университетінің студенті Ерасыл Әубәкіров 3 ақпан күні жоғалып кеткен. Кешкі алтылар шамасында үйінен шығып, сол беті қайтып оралмаған еді. 10 ақпан күні түнде полиция қызметкерлері зорлық өлім белгілері бар жігіттің денесін тауып алған. Бұдан бұрын осы іс бойынша Аян Мейірбаев Әубәкіровті өліміне күдікті болған еді. Мамыр айында сот алды тергеу органдары қамауға алу мерзімін ұзарту туралы өтініш бермегендіктен, жас жігіт қамаудан босатылды.
"Әжімбай Нұрбек қылмыстық құқық бұзушылық жасағаны үшін айыпты деп танылып, қылмыстық құқықбұзушылық жиынтығына байланысты ҚР ҚК 58-бабы 4-бөлігі бойынша 20 жылға бас бостандығынан айырылып, мүлкі тәркіленеді. Жаза мерзімін қатаң режимді түзету колониясында өткіздеді", — деді қылмыстық істер бойынша арнаулы ауданаралық соттың сот төрағасы Асхат Әшірбеков.
Сонымен қатар, сот Виталий Шерстеневті айыпты деп танып, 11 жылға бас бостандығынан айыруға, мүлкін тәркілеуге және жаза мерзімін қатаң режимді колонияда өткізуге шешім шығарды.
Үшінші сотталушы Андрей Тихоненкоге сот 16 жылға бас бостандығыған айыру және мүлкін тәркілеу жазасын тағайындады. Ол да қатаң режимді колонияға қамалады.