Оқиға

Қарағандыда ЦУМ "минашысы" ұсталды

© Sputnik / Кирилл Каллиников / Медиабанкке өтуҚамауға алу
Қамауға алу - Sputnik Қазақстан
Жазылу
11 қазан күні жедел іздестіру шаралары барысында 20 жасар Қарағанды тұрғыны ұсталып, терроризм акті туралы жалған ақпарат бергендігін мойындады.

АСТАНА, 12 қаз — Sputnik. Қарағандыда ЦУМ-ның "миналанғаны" жайлы көрінеу жалған ақпарат берген ер адам ұсталды деп хабарлады Қарағанды облысы ІІД баспасөз хатшысы Бақытжан Құдияров  Sputnik Қазақстан агенттігіне.

10 қазан күні Қарағанды орталық әмбебап дүкенін тағы да "миналады". Жалған террористтің қоңырауынан кейін ғимараттан 600 адам қауіпсіз жерге шығарылған еді.

Ұялы телефон - Sputnik Қазақстан
Оқиға
Үрей туғызған қоңырау

"11 қазан күні жедел іздестіру шаралары барысында 20 жасар Қарағанды тұрғыны ұсталып, терроризм акті туралы жалған ақпарат бергендігін мойындады. Ұсталған азаматтың ұялы телефоны алынды. Қазіргі уақытта ол уақытша ұстау изоляторында қамауда отыр, тергеу жұмыстары жүргізілуде", — деді Құдияров.

Полицияның ескертуінше, осы баптың санкциясы бойынша жалған террористтер 6 жылға бас бостандығынан айырылуы мүмкін. 

Бұл ретте, Қарағанды орталық универмагына «бомба» қойылды деген хабарлама алғаш рет түсіп отырған жоқ. Осындай оқиға  шілдеде орын алды. Ол кезде сауда үйінен 500 адам қауіпсіз жерге шығарылды. Бірақ жарылғыш зат сол бойы табылмады.

 

 

 

Жаңалықтар
0