АСТАНА, 12 қаз — Sputnik. Қазақстанның басым бөлігінде атмосфералық фронтальды бөліктердің өтуіне байланысты жауын-шашын күтіледі, деп хабарлайды "Қазгидромет" мемлекеттік метеоқызметі.
Синоптиктердің болжамынша, тек батыста және оңтүстік-шығыс аудандарда жауын-шашынсыз ауа-райы сақталады.
Кей жерлерде тұман, көктайғақ, 15-20 м/с екпінде жел болады.
Оңтүстік Қазақстан, Манғыстау, Қостанай, күндіз Жамбыл облыстарының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді.
Павлодар, Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман, көктайғақ болып, желдің жылдамдығы 15-20 м/с-қа жетеді.
Ақмола, Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ күтіледі.