АСТАНА, 11 қаз – Sputnik. Ақтауда дүкен тонады деген күдікпен үш жігіт ұсталды, қылмыс бейне бақылау камерасына түсіп қалған, деп жазады "Ақтау Лада" басылымы.
Видеодан беттерін жауып алған үш ер адамның дүкенге басып кірген сәті көрінеді. Сол уақытта ұрылардың бірі дүкен сатушысын тапаншаға ұқсас затпен қорқытса, екінші ер адам сөрелерден аттап өтіп, ақшасы бар қорапшаны алып шыққан.
Полицияда хабарлағандай, оқиға 7 қазанда түнгі уақытта орын алған. Ойыншық тапанша қаруланған тонаушылар 20 мың теңге ғана алып кете алған. Ұсталғаннан кейін олардың 20-25 жас аралығындағы жігіттер екендігі анықтады.
ҚР Қылмыстық Кодексінің 191-бабының 2-бөлігі бойынша қылмыстық іс қозғалды.