АСТАНА, 11 қаз – Sputnik. "Болашақ" стипендиясы түлектерінің қауымдастығы қайырымдылық лотереясының жеңімпазын жариялады. Жеңімпаз Риодағы Олимпиаданың күміс жүлдегері Василий Левитпен түскі асқа барады.
Сағат 13:00-де "Монако" қонақ үйінде болатын түскі асқа олимпиада жүлдегерімен Астана қаласының тұрғыны Әсел Бекбатырова барады.
Жеңімпаз кездейсоқ сандар генераторымен анықталды. Лотерея билетінің бағасы 1000 теңге болатын, қатысушылар қанша билет сатып алса да өздері білетін еді. Нәтижесінде, барлығы 173 мың теңге жиналған.
Барлық қаражат 2008 жылы туылған, аутизм мен Аспергер синдромына шалдыққан Куантқан Шерхан Бақбергенұлының реабилитациялық емделуіне жұмсалады.
Лотереяда қонақтың қолтаңбасы бар сыйлықтар да ойнатылды, оны екі қатысушы иелене алады.