Өңірлер

Сейсенбіде қазақстандықтарды жуын-шашынды ауа райы күтеді

© Sputnik / Болат Шайхиновжауын
жауын - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Қазақстанның басым бөлігінде атмосфералық фронтальды бөліктердің өтуіне байланысты жауын-шашын күтіледі, деп хабарайды Қазгидромет.

АСТАНА, 11 қаз — Sputnik. Қазақстанның басым бөлігінде атмосфералық фронтальды бөліктердің өтуіне байланысты жауын-шашын күтіледі, деп хабарайды Қазгидромет.

Синоптиктердің болжамынша, тек батыста және оңтүстік аудандарда жауын-шашынсыз ауа-райы сақталады.

Кей жерлерде тұман, көктайғақ,  жел 15-20 м/с  екпінде болады. Қостанай, Павлодар облыстарының кей жерлерінде тұман, көктайғақ, күндіз жел 15-20 м/с күшейеді.

Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде  тұман, көктайғақ болып, желдің жылдамдығы 15-20 м/с артады.

Ақмола, Солтүстік Қазақстан облысының  кей жерлерінде тұман, көктайғақ күтіледі.

Манғыстау облысының кей жерлерінде тұман болып, жел 15-20 м/с күшейеді.

Оңтүстік Қазақстан облысында күндіз кей жерлерде жел екпіні 15-20 м/с-қа жетеді

Жаңалықтар
0