Өңірлер

Арқалықта су қайнатқыштан шыққан өрт балалардың өмірін қиды

© Photo : ДЧС Акмолинской областиӨрт сөндіруші
Өрт сөндіруші - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Өрттің техникалық себебі - тоқтан суырылмай қалған су қайнатқыш: құрылғы қызған соң, айналасындағы жанғыш заттарды тұтандырған.

Астана, 10 қаз – Sputnik. Арқалықта екі баланың өмірін қиған өрт тоқтан суырылмай қалған су қайнатқыштың кесірінен шыққан деп хабарлайды ҚР ІІМ ТЖ жөніндегі комитетінің төрағасы Руслан Иманқұлов.

Иманқұловтың мәліметінше, Қостанай облысының ТЖД өрт сөндіру және құтқару жұмыстарының қорытындысына бойынша өрттің техникалық себебі — тоқтан суырылмай қалған су қайнатқыш: құрылғы қызған соң, айналасындағы жанғыш заттарды тұтандырған.

"Қайғылы жағдай балаларды қараусыз қалдырудың салдарынан орын алды. Ата-аналарға тағыда айтарымыз, күнделікті профилактикалық жұмыстар жүргізіп, балаларыңызға өрт шыққан жағдайдағы іс-әрекет ережелерін үйретіңіздер", — деді Иманқұлов.

8 қазан күні таңертең Арқалықтағы көп қабатты үйдің тұрғыны хабарласып, бесінші қабаттағы пәтер терезесінен түтін шыққанын айтқан. Өрт ауданы  шаршы метрді қамтыған. Құтқарушылар түтінге оранған пәтерден 2011 және 2012 жылғы екі баланы шығарып алды. Бірақ бүлдіршіндер ауруханаға жетпей көз жұмған. 


Жаңалықтар
0