Әлем

Британдық министрлерге Apple сағат тағуға тыйым салынды

© Sputnik / Наталья Селиверстова / Медиабанкке өтуApple Watch
Apple Watch - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Біріккен Корольдік министрлеріне үкімет отырысы кезінде Apple "ақылды сағаттарын" пайдалануға тыйым салынды

Астана, 10 қаз – Sputnik. Біріккен Корольдік министрлеріне үкімет отырысы кезінде Apple "ақылды сағаттарын" пайдалануға тыйым салынды, себебі оларға ресейлік хакерлер кибершабуыл жасауы мүмкін деп хабарлайды РИА Новости Telegraph газетіне сілтемемен.

Басылымның жазуынша, хакерлердің Apple Watch сағатын тыңдау құрылғысы ретінде пайдалануы мүмкін болғандықтан осындай шешім қабылданған. 

Бұрынырақта дәл осындай себептен британдық парламентте ұялы телефондар қолдануға тыйым салынған болатын деп жазады Telegraph газетінде.

Ішкі қауіпсіздік министрлігі мен АҚШ-тың ұлттық барлау директорының кеңсесі бірлесіп жазған арызында Ресейді АҚШ-тың саяси ұйымдарына хакерлік шабуыл жасады және мұны сайлауға кедергі келтіру үшін америкалық саяси ұйымдарға әдейі істеді деп жазылған болатын. Бірақ Ресейдің бұл шабуылдарға қатысы бары дәлелденбеген. Ресей президентінің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков америкалық БАҚ-да айтылған мұндай айыптауларды "еш негізсіз" деп отыр. 


Жаңалықтар
0