Саясат

Палестина экспорттайтын бір қатар тауар ЕурАзЭО елдерінде баж салығынан босатылады

© Sputnik / Игорь Зарембо / Медиабанкке өтуКеден
Кеден - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Преференциялық тауралар тізіміне енген палестиналық тауарлар 10 қазаннан бастап ЕурАзЭО территориясында кедендік юаж салығынан босатылады.

Астана, 10 қаз – Sputnik. Палестиналық тауарлардың бір қатары дүйсенбіден бастап, құрамына Ресей, Белоруссия, Қазақстан, Армения және Қырғызстан кіретін Еуразиялық экономикалық одақ территориясында кедендік баж салығынан босатылады.

Интеграциялық бірлестік экономикасы ең дамымаған елдердің қатарына қосылған Палестинаға тарифтік преференциялар ұсынды.

РФ еңбек министрі, ресейлік-палестиналық үкіметаралық комиссияның теңтөрағасы Максим Топилин айтып өткендей, преференциялық тауралар тізіміне енген палестиналық тауарлар 10 қазаннан бастап ЕурАзЭО территориясында кедендік баж салығынан босатылады.

Мәскеудегі Палестина елшісі Абдель Хафиз Нофаль РИА Новости агенттігіне хабарлауынша, баждан босатылатын тауар позициялары тізіміне 27 түрлі тауар енеді. Негізінен ауыл шаруашылығы өнімдері, дәрі-дәрмек және жиһазды қамтиды дейді ол.


Жаңалықтар
0