Әлем

Ауғанстанда әскери тікұшақ апатынан сегіз адам қаза тапты

© REUTERS Әскери тікұшақ
Әскери тікұшақ - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Солтүстік ауған провинциясы Бағланда болған тікұшақ апатында сегіз әскери қызметкер құрбан болды.

Астана, 9 қаз – Sputnik. Солтүстік ауған провинциясы Бағланда болған тікұшақ апатында сегіз әскери қызметкер құрбан болды деп хабарлады Ассошиэйтед Пресс агенттігі Ауғанстан қорғаныс министрлігіне сілтемемен.

Әскери тікұшақ солтүстік ауған аймағындағы Бағлан провинциясы Дандгория уезінде құлаған. Қорғаныс министрлігі өкілі Давлат Вазиридің мәліметінше, бес экипаж мүшесі және үш сарбаз қаза тапты. Вазиридің айтуынша, апат техникалық ақау салдарынан болыпты.

"Талибан" атты ауған экстремистік қозғалысының өкілі апатқа жауапты өздері екендіктерін мәлімдеді.    


Жаңалықтар
0