Астана, 9 қаз – Sputnik. Сенбі күні Бельгиядағы Беринген қаласында өткен 1-топ кездесуі ресейліктердің жеңісімен аяқталды, есеп – 5:0. Гол соққандар: Михаил Лысов (14-минутта), Иван Галанин (21), Федор Чалов (44), Николай Прудников (88) и Александр Ломовицкий (90+2).
Қазақстанның "ересектер" ұлттық құрама командасы сенбі күні әлем чемипонаты-2018 іріктеу кезеңнің екінші турында Черногория құрамасынан тура сондай 0:5 есебімен ұтылған еді.
Екі турдан соң топ ішінде Ресей және Бельгия құрамаларының жас футболшылары 4 ұпайдан жинады. Одан кейінгі орында Финляндия (2 ұпай) мен Қазақстан (0) тұр.
Келесі матчта ресейліктер 11 қазан күні Бельгия құрамасымен кезігеді. Ал, Қазақстан құрамасы сол күні финдермен ойнайды.