Саясат

Ресейдің ТМД-дағы ең үлкен әскери нысандары Қазақстанда орналасқан

© Sputnik / Рамиль Ситдиков / Медиабанкке өту"Байқоңыр" ғарыш айлағы
Байқоңыр ғарыш айлағы - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Ресей қорғаныс министрлігі ресейлік әскери базаларды Куба және Вьетнамға қайтару туралы мәселені қарастыруда. Екіжақты келісімнің негізінде Ресей Қазақстанда жеті бірдей алып әскери нысандарды пайдаланып отыр.

Астана, 9 қаз – Sputnik. Ресей қорғаныс министрлігі ресейлік әскери базаларды Куба және Вьетнамға қайтару туралы мәселені қарастыруда деп хабарлады РФ қорғаныс министрінің орынбасары Николай Панков жұма күні Мемлекеттік думада. Қазіргі уақытта таяудағы шетелде орналасқан, Ресей қорғанысын қамтамасыз етуде әлі де маңызы зор бұрынғы КСРО әскери нысандары Қазақстанда орналасқан.

Екіжақты келісімнің негізінде Ресей Қазақстанда жеті бірдей алып әскери нысандарды пайдаланып отыр. Ресей жалға алған Қазақстан территориясының жалпы ауданы 11 миллион гектардан асады.

Бұлар – Ресей ҚМ 5-ші Мемлекеттік сынақ полигоны ("Байқоңыр" ғарыш айлағы), Ресей ҚМ 4-ші Мемлекеттік түраралық сынақ полигонының нысандары: "Капустин Яр" полигоны (негізінен Ресей территориясында орналасқан, бірақ Атырау және Батыс Қазақстан облыстарындағы біраз жерді қамтиды), 20-шы жеке сынақ станциясы және екі өлшеу пункті (ӨП-8 және ӨП-16) (Батыс Қазақстан облысы). Зымыран техникасы мен қару-жарақтарды сынауға арналған Ресей ҚМ 10-шы Мемлекеттік сынақ полигоны ("Сары-Шаған" полигоны), сынақ жұмыстарын атқаратын 5580-ші база (Ресей ҚМ бұрынғы 11-ші Мемлекеттік сынақ полигоны – "Эмба полигоны"), Ресей ҚК Ғарыш әскеріндегі 3-ші жеке зымыран-ғарыштық қорғаныс әскерінің жеке радиотехникалық торабы ("Балқаш-9" нысаны), Ресей ӘӘК жеке транспорттық авиация полкі. База Қостанай қаласындағы аэродромда орналасқан.

Қазіргі уақытта шетелдегі ресейлік әскери нысандардың саны күрт азайып, 10 елмен ғана шектеледі: Абхазия, Армения, Белоруссия, Вьетнам, Қазақстан, Қырғызстан, мойындалмаған Приднестровье, Сирия, Тәжікстан және Оңтүстік Осетия.

Бірақ, Ресей қорғаныс министрі Сергей Шойгу хабарлағандай, Ресей шетелдегі әскери базаларының санын арттыруды көздеп отыр. Осы мәселеге қатысты бір қатар мемлекеттермен, атап айтқанда Вьетнам, Куба, Венесуэла, Никарагуа, Сейшел аралдары, Сингапур және басқа елдермен келіссөз жүргізуде. 


Жаңалықтар
0