Әлемдегі бүкіл жандар алты танысы арқылы бір-бірін танитыны туралы "6 рет қол алысу" теориясы бар болса, тура сондай "алты рет күлімдеу" теориясын неге ойлап таппаймыз? Көңілкүйі көтеріңкі әр адам бүгінгідей бұлтты күні алты бейтаныс жанға немесе таныстарына күлімсіреп қарасын. Қоғамдық көліктегі жандарға ма, жаяу жүргіншілерге ме, таңертеңгі кофесін ішіп үлгермеген әріптестеріне ме – бәрі бір. Шын жүректен болса, болғаны.
Кейбір қабағынан қар жауған адамдар мұныңызды түсінбей, күзді күні "көтеріліп" жүрген деліқұлы біреу деп қалса да түк етпейді. Себебі дәл осындай жылуға зәру боп жүрген жандар міндетті түрде күлімсіреп жауап қататын болады. Онымен қоймай, сіздің жымиысыңызды қағып алып, жолай кезкіккен өзге алты жанға сыйлайды.
Бұл теория бізге қатты ұнайды. Сіздерге ше? Олай болса, тәжірибе жасап, сынап көрсек қайтеді? Бүгінгі фотолентамыз сіздерге шабыт берер деген ойдамыз.
Атақты Мюнхгаузеннің өзі "сіздер тым байыптысыздар, жер бетіндегі барлық ақымақтық сондай түрмен жасалды" деді емес пе. Сол себепті жүзеріңізден күлкі кетпесін!