Оқиға

ҚР СІМ АҚШ-та жоғалған студентті іздестіруде

© Министерство иностранных дел РКСІМ
СІМ - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі АҚШ-та бес жыл бұрын жоғалған қазақстандық студент Ержан Еліковті іздестіру мәселесін ерекше бақылауға алды, деп хабарлады Sputnik-ке сыртқы саяси ведомствоның баспасөз хатшысы Әнуар Жайнақов.

АСТАНА, 7 қаз — Sputnik. Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі АҚШ-та бес жыл бұрын жоғалған қазақстандық студент Ержан Еліковті іздестіру мәселесін ерекше бақылауға алды, деп хабарлады Sputnik-ке сыртқы саяси ведомствоның баспасөз хатшысы Әнуар Жайнақов.  

"Болашақ" бағдарламасы бойынша Пенсильвания штатына оқуға кеткен Ержан Еліков 2011 жылы оқудан шығып қалып, шәкіртақыдан айырылған. Ол елге қайтуға тиіс болатын, алайда АҚШ-тың басқа штатына ұшып кетіп, жоғалған. Енді ол аяқтамаған оқуы үшін еліне 20 миллионнан астам теңге қарыз. 

Жайнақовтың айтуынша, Ержан 2011 жылдың наурызынан бері ата-анасына мүлде хабарласпаған. Бірақ, жоғалған жігіттің әкесі 2016 жылғы ақпанда ғана Сыртқы істер министрлігіне хабарласып, көмек сұраған. 

Қазақстандық дипломаттар, Ержан Еліковтің Вашингтондағы Қазақстан Елшілігінің консулдық тізімінде тұрмағанын анықтаған. Халықаралық бағдарламалар орталығы Ержанның қайда екенін білмейді. Дипломаттар АҚШ-тағы шетелдік студенттер мен АҚШ-тағы Қазақстан диаспорасы арқылы Ержанды іздеп табуға тырысқан. Алайда, бұдан түк шықпады. 

Ержанның әкесінен ұлының жеке куәлігінің көшірмесі мен ағылшын тілінде жазылған өтініш сұраған. Әкесінің өтініші 3 қазан күні жазылған. Ведомствоның мәліметінше, қазіргі уақытта Вашингтондағы Қазақстан Елшілігі бұл мәселені қарауға алған. Ал, Сыртқы істер министрі қатаң бақылауда ұстап отыр. 


Жаңалықтар
0