АСТАНА, 7 қаз — Sputnik. Шығыс Қазақстанда жұма күні алғашқы қар жауды, деп хабарлайды әлеуметтік желі пайдаланушылары.
"Бізге қыс келді!", — деп жазады көшені қар басқан суретімен бөліскен Өскемен тұрғыны.
© Photo : Әлеуметтік желі пайдаланушыларыӨскемендегі алғашқы қар
Өскемендегі алғашқы қар
© Photo : Әлеуметтік желі пайдаланушылары
Синоптиктердің болжамына сәйкес, Шығыс Қазақстанда ауа температурасы нөлден жоғары болып, өткінші жаңбыр жауып, артынан қарға ұласады. Жоғары атмосфералық қысым алаңының ықпалынан Қазақстанның барлық аумағында шығыс және оңтүстік-шығыс аудандарды қоспағанда, 2-7ºС климаттық нормадан жоғары ауа температурасымен ала бұлтты жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі.
"Ауа температурасы көпжылдық орташа белгілерден төмен болады", — деп хабарлады "Қазгидромет" метеоқызметі.