АСТАНА, 7 қаз — Sputnik. Қазақстан Республикасының Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрі қызметіне Бейбіт Атамқұлов тағайындалды, деп хабарланады мемлекет басшысының ресми сайтында.
Қазақстан Республикасының Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі 2016 жылғы 6 қазанда құралды.
Жаңадан құрылған Министрлікке: Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігінен – қорғаныс өнеркәсібі саласындағы; Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрлігінен – ғарыш қызметі саласындағы; Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігінен – жұмылдыру даярлығы және жұмылдыру, мемлекеттік материалдық резервті қалыптастыру және дамыту саласындағы; Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесінен – ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету және Қазақстан Республикасының Ақпарат және коммуникациялар министрлігінен ақпараттандыру және байланыс саласындағы ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы функциялар мен өкілеттіктер берілді.
Қазақстан Республикасының Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің құрамына Ақпараттық қауіпсіздік комитеті, Аэроғарыш комитеті және Мемлекеттік материалдық резервтер комитеті кіреді.
Бейбіт Бәкірұлы Атамқұлов 1964 жылы 19 мамырда Алматы облысында дүниеге келген. Инженер-металлург мамандығы бойынша Қазақ политехникалық институтын, сондай-ақ, экономист мамандығы бойынша Санкт-Петербург мемлекеттік экономика және қаржы университетін тәмамдаған. Экономика ғылымдарының кандидаты. 1 класты кеңесшінің дипломатиялық дәрежесі бар.
Еңбек жолын 1985 жылы Норильск тау-кен металлургия комбинатының мыс байыту зауытында бастаған. 1986 жылдан бастап М.И.Калинин атындағы Шымкент қорғасын зауытында жұмыс істеді, онда балқытушыдан, ауысым шеберінен, бригадирден бастап жетекші инженерге дейінгі жолдан өтті.
1991 жылдан бастап – ҚР Сыртқы экономикалық байланыстар министрлігі "Қазметаллэкспорт" Қазақстандық республикалық сыртқы экономикалық байланыстар кәсіпорнының "Черметэкспорт" компаниясының бас маманы, директоры. 1993 жылдан бастап – ҚР Сыртқы экономикалық байланыстар министрлігі "Қазақстан сауда" МСК бас директорының бірінші орынбасары. 1995 жылдан бастап – "Қарметкомбинат" МАҚ (Теміртау қ.) бас директорының бірінші орынбасары. 1996 жылдан бастап – "Рахат-металс" компаниясының бас директоры, AIG Қазақстандық сақтандыру компаниясы Директорлар кеңесі Төрағасының орынбасары. 2002 жылдан бастап – "Рахат" МК Директорлар кеңесінің Төрағасы.
2006 жылы – Қазақстан Республикасының Ресей Федерациясындағы Елшілігінің кеңесшісі. 2006 жылдан бастап – Қазақстан Республикасының Ресей Федерациясындағы Елшілігінің кеңесші-елшісі.
2007 жылдан бастап – Қазақстан Республикасының Иран Ислам Республикасындағы Елшілігінің кеңесші-елшісі. 2008 жылдан бастап – Қазақстан Республикасының Майндағы Франкфурт қаласы, ГФР бас консулы.
2010 жылдан бастап – Қазақстан Республикасының Малайзия Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі. 2012 жылғы 1 қазаннан бастап Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің Жауапты хатшысы болып тағайындалды.
Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі қызметін 2015 жылғы 8 тамыздан 2016 жылғы 7 қанаға дейін атқарды.
"Құрмет" орденің "Астананың 10 жылдығы" мерейтойлық медалінің, "Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 20 жыл" мерейтойлық меделінің иегері.