Видео

Дене кемістігі бар 60 баланың жүзіне үміт ұялады

Жазылу
Қазақстанның түпкір-түпкірінен 90-ға жуық бала Астанадағы Ана мен бала ғылыми орталығына келіп, шетелдік дәрігерлерге қаралды.

АҚШ-тың Халықаралық жәрдемдесу тобы мен University Medical Center Бірлескен қоры әр түрлі науқасқа шалдыққан немесе жазатайым оқиғалардың құрбаны болған балаларды операциялық жолмен емдеу үшін іріктеп алуға Астанаға келді.

"Күйік шалған балаларды көп көрдік. Кеше өрт кезінде зардап шеккен бір бала келді. Денесі, аяқ-қолдары қатты күйіп қалған екен. Жарасын толығымен жазу мүмкін емес, бірақ қолымыздан келгенше аянбаймыз", — деді бала дәрігері Мелисса Голдстин.

Ол қазақстандық хирургтердің кәсіби деңгейін мақтап, олардың оның ішінде "қоянжырық", "қасқыр ауыз"  бет патологиясы жөндеудегі біліктіліктерін атап өтті.

Қаралған 90 баланың ішінен шамамен 60 пластикалық хирургтердің емделушісі болмақ, олардың 14-і балалар үйінің тәрбиеленушісі.


Жаңалықтар
0