Әлем

Колумбия президенті Нобель бейбітшілік сыйлығының лауреаты атанды

© AP Photo / Frank AugsteinХуан Мануэль Сантос
Хуан Мануэль Сантос - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Азаматтық соғысты тоқтатуға қосқан үлесі үшін Колумбия президенті Хуан Мануэль Сантосқа Нобель бейбітшілік сыйлығы берілді.

Астана, 7 қаз – Sputnik. 2016 жылғы Нобель бейбітшілік сыйлығы 50 жылдан астам уақыт бойы жалғасқан азаматтық соғысты тоқтатуға қосқан үлесі үшін Колумбия президенті Хуан Мануэль Сантосқа берілді деп хабарлады Ослодағы Норвегия нобельдік комитеті жұма күні.

Швед өнертапқышы Альфред Нобельдің қалауымен, осыдан жүз жыл бұрын өсиет еткен бес марапаттың ішінде бейбітшілікті нығайтудағы үлесі үшін берілетін сыйлық қана Стокгольмде емес, Ослода беріледі. Лауреаттарды марапаттау салтанаты әрқашан 10 желтоқсанда – сыйлықтың негізін салушы өмірден озған күні өтіп жүр.

Әр бір Нобель сыйлығының сомасы 2016 жылы 8 миллион швед кронасын (932 мың АҚШ доллары) құрады.

Колумбиядағы азаматтық соғыс өткен ғасырдың 40 жылдары "Ла Виоленсияның" жалғасы болды, яғни ауқатты жер иеленушілер шаруаларға зорлық-зомбылық көрсеткеннен бері жалғасып келеді. Үкімет әскері мен әр түрлі қарулы топтар арасындағы азаматтық соғыс 2016 жылға дейін созылған болатын. Көтерілісшілердің басты мақсаты елде коммунистік тәртіп орнату болған еді. Ал, Колумбия Үкіметін Америка Құрама Штаттары қолдап отырды. Азаматтық қақтығыстар барысында 200 мыңнан астам адам құрбан болып, жұрт  үйлерін тастап кетуге мәжбүр болған. 2016 жылы 24 тамызда Колумбия Үкіметі мен Төңкерістік қарулы күштер арасында әскери қимылдарды тоқтату және елдегі саяси өмірге бірлесіп араласу туралы келісімге қол қойылған болатын.


Жаңалықтар
0