Спорт

Еуро U-21: ағылшындардың бапкері аз басымдықпен жеңгендеріне риза емес

© Photo : Public DomainФутбол
Футбол - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Англия құрама командасы 1:0 есебімен қазақстандықтарды ұтты, ойындағы жалғыз голды кездесудің алтыншы минутында Демарай Грэй соқты.

Астана, 7 қаз – Sputnik. Англияның 21 жасқа дейінгі жастар құрама командасының бас бапкері Эйди Бутройд Ақтөбеде өткен Еуро-2017 чемпионатына іріктеу матчында ойыншыларының аз басымдықпен жеңгеніне көңілі толмады. 

Бұл матчта Англия құрама командасы 1:0 есебімен қазақстандықтарды ұтты, ойындағы жалғыз голды кездесудің алтыншы минутында Демарай Грэй соқты. Содан кейін ағылшындар алаңда басым ойын өрнегін көрсеткенімен, есеп айырмашылығын арттыра алмады.

"Еуро чемпионаты кезінде іріктеу кезеңнің осы және басқа да матчтарынан қарағанда әлдеқайда мықты ойнауымыз керек, — деді Бутройд Ақтөбедегі матчтан кейін. – Мықты ойыншыларға кенде емеспіз, сол себепті ағылшын футболының болашағы жарқын деп есептеймін. Бұл жігіттердің қабілеттерін жақсы білемін. Олар алаңға шығып, өз міндеттерін орындауы керектігін түсінеді", — дейді ол.

Ағылшындар осы жеңістен соң, іріктеу кезеңі аяқталмай жатып, келесі жылы жазда Польшада өтетін Еуро-2017 чемпионатының финалдық кезеңіне жолдаманы ұтып алды. Өз тобында төртінші орын алып отырған Қазақстан жастар құрамасы еуро іріктеудің соңғы ойынын 11 қазан күні Ақтөбеде Норвегия құрамасына қарсы өткізеді.  


Жаңалықтар
0