АСТАНА, 6 қаз – Sputnik. Ыстамбұлдағы полиция бөлімшесінің маңында жарылыс орын алды, оған себеп миналанған мотоцикл болған.
Жарылыс Ататүрік халықаралық әуежайына жақын маңда болды.
Фатих көшесіндегі Бахчелиевлер ауданында мотоциклдің жарылу салдарынан бес адам жарақат алып, біреуі ауыр хәлде, деп хабарлады Ыстамбұл губернаторы Васип Шахин өзінің Twitter желісіндегі микроблогында.