Видео

Журналист Андрей Аршавиннің "шаш қиюын" қабылдады

Жазылу

"Қайрат" клубының жартылай қорғаушысы Андрей Аршавин өз қолымен бәсте жеңілген қазақстандық журналист, блогер Петр Воликовтың шашын тақырлап алып тастады. Бейнеден танымал футболшының жаңа амплуасын қараңыздар. 

Маусым басталар алдында Воликов егер Аршавин "Қайрат" сапында сегіз гол салса онда ол шашын тақырлап алдырып тастаймын мәлімдеген. 25 қыркүйекте өткен Қазақстан чемпионатының 28-ші турында Аршавин біріншіліктегі 8-ші голын салды. Осы оқиғадан кейін футболшының журналистке жолдаған видеосәлемі "Қайраттың"  YouTube-тегі арнасында пайда болды. 

Сырттай бәстесушілердің кездесуі Алматыдағы сауда орталығында болды. Андрей Аршавин жиналған журналистерге шашты алғаш рет алғанын айтты. 

Жаңалықтар
0