Өңірлер

Түнгі Астананы көпірдің аркасынан тамашалаған бұзақылар 20 теңге төледі

© Sputnik / Ирина СемибратоваАстанадағы көпір
Астанадағы көпір - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Түнгі елорданың көрінісін тамашаламақ болған екі жас астаналық Есіл өзені арқылы Қабанбай батыр бойындағы көпір аркасының үстіне шыққан.

АСТАНА, 6 қаз — Sputnik. Түнгі елорданың көрінісін тамашаламақ болған екі жас астаналық Есіл өзені арқылы Қабанбай батыр бойындағы көпір аркасының үстіне шыққан. Ол үшін оларға айыппұл салынды, деп хабарлады Sputnik-ке жергілікті полиция қызметінің инспекторы Ләззат Бисембаева. 

Оқиға дүйсенбі, 3 қазан күні, сағат 20.30 шамасында орын алды. Бейнебақылау камерасы екі жігіттің көпір аркасына мініп алғанын түсіріп алған. Оқиға орнына келген полиция патрульі жігіттерді жерге түсірді.  

Белгілі болғандай, 28 және 21 жастағы екі Астана тұрғыны «қала көрінісін биіктен көрмек болған». Екеуі де ішімдік ішпеген, деді Бисембаева. Сот олардың әрекетін бұзақылық деп танып, әр қайсысына 10 АЕК (21 мың 210 теңге) көлемінде айыппұл салуға қаулы етті. Жергілікті полиция қызметінде атап өткендей, қоғамдық тәртіпті бұзып, өз өмірін тәуекелге тігіп, адамдардың бұл көпірдің төбесіне шығатын жағдай алғаш рет болып отырған жоқ. 


Жаңалықтар
0