АСТАНА, 6 қаз — Sputnik. Синоптиктердің болжамы бойынша, 6-8 қазан аралығында Қазақстанның солтүстігінде жаңбыр жауып, арты қарға ұласады. Ал оңтүстік және батыс өңірлерде ауа-райы жылы болады деп хабарлады "Қазгидромет".
Синоптиктердің мәліметінше, алдағы үш тәулікте атмосфералық фронт Қазақстанның солтүстік бөлігі арқылы Орал аудандарынан ауысатын болады. Ол жаңбыр жаууына алып келеді, түнгі сағаттарда жаңбырдың арты қарға ұласуы мүмкін. Ауа температурасы бұл ретте көпжылдық мән бойынша ортадан төмен болып сақталады.
Республиканың оңтүстік бөлігіне жоғары атмосфералық қысым алаңы ықпал ететін болады, сондықтан да 2-5ºС нормадан жоғары ауа температурасымен жылы және алабұлтты ауа райы күтіледі.