Қоғам

Ресми мәлімдеме: Кейкі батырдың бас сүйегі Қазақстанға жеткізілмеген

© SputnikАстана әуежайы
Астана әуежайы - Sputnik Қазақстан
Жазылу
1916 жылғы ұлт азаттық көтеріліс қолбасшыларының бірі Кейкі батырдың Санкт-Петербургтегі Кунсткамерада сақтаулы тұрған бас сүйегі Қазақстанға жеткізілген жоқ.

АСТАНА, 6 қаз — Sputnik. 1916 жылғы ұлт азаттық көтеріліс қолбасшыларының бірі Кейкі батырдың Санкт-Петербургтегі Кунсткамерада сақтаулы тұрған бас сүйегі Қазақстанға жеткізілген жоқ, деп хабарлады Мәдениет және спорт министрлігі Sputnik агенттігіне.

Ертеректе министрліктің баспасөз қызметі бас сүйекті әкелген борт бейсенбі күні таңертең Астанаға келді деген болатын.  Бас сүйектің неге жеткізілмегенін Sputnik агенттігі әзірше анықтаған жоқ. 

Тамыз айында сол кезде премьер-министр қызметін атқарған Кәрім Мәсімов Ресей үкіметінің басшысы Дмитрий Медведевпен кездесу барысында Кейкі батырдың бас сүйегін жерлеу үшін Қазақстанға жеткізу мәселесін көтерген болатын. Ресей премьер-министрі бұл мәселе бойынша көмектесуге уәде берген еді.

Кейкі батыр – 1916 жылғы ұлт азаттық көтеріліс көшбасшыларының бірі. Қазан төңкерісін ешқашан мойындамаған батырды 1923 жылы Қызыл әскер жауынгерлері өлтірген. Содан кейін бас сүйегі Кунсткамераға жөнелтілген болатын.


Жаңалықтар
0