АСТАНА, 5 қаз — Sputnik. Астанада жол талғамайтын көлік жолаушылар автобусымен соқтығысты, деп хабарлады елорданың ішкі істер департаментінің баспасөз хатшысы Софья Қылышбекова.
Полицияның хабарлауынша көлікті 1987 жылғы қыз басқарған.
"ЖКО Кеңесары көшесінде болған. Toyota Land Cruiser Prado көлігінің жүргізушісі ауладан Кенесары көшесіне шығар жолда автобусқа жол бермеген", — деп хабарлады қалалық полиция өкілі.
Жол апатынан зардап шеккендер жоқ. Автобус қатты зақымданбаған. Бағытын жалғастыра берді.
Жүргізушіге қатысты ҚР әкімшілік құқықбұзушылықтар кодексінің 610-бабына сәйкес, хаттама толтырылды.