АСТАНА, 5 қаз — Sputnik. Қазақстанның солтүстігі, солтүстік-батысы мен шығысында атмосфералық фронталды бөліктердің өтуіне байланысты жауын-шашын күтіледі, ал қалған бөліктерінде жауын-шашынсыз күн райы ашық болады, деп хабарлайды "Казгидромет" мемлекеттік метео қызметі.
Синоптиктердің болжамынша, кей жерлерде тұман, жел 15-20 м/с болады.
Маңғыстау, Батыс Қазақстан, Оңтүстік Қазақстан, күндіз Атырау облыстарының кей жерлерінде жел 15-20 м/с, Қызылорда облысында шаңды дауыл соғады.
Жамбыл облысының кей жерлерінде түнде және таңертең тұман, жел 15-20 м/с болады.
Ақмола, Қостанай, Павлодар, Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман болады.
Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман, күндіз жел 15-20 м/с күшейеді.
Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Қарағанды, Алматы, Шығыс Қазақстан облыстарында 1-6 градус аяз күтіледі. Оңтүстік Қазақстан, Қарағанды, Ақтөбе облыстарының кей жерлерінде өте жоғары өрт қауіпі сақталады.