АСТАНА, 4 қаз — Sputnik. Келесі жылы Астанада EXPO-2017 халықаралық мамандандырылған көрмесінің өтуіне орай Қазақстанның елордасын Ресей Федерациясының ірі қалаларымен тікелей әуе қатынастарымен байланыстырған жөн, деп санайды Астана әкімі Әсет Есекешев.
"Осы кезеңде туризм мен сауданы дамыту үшін азаматтарға көліктік қол жетімділікті қамтамасыз ету болып табылады… ЭКСПО қарсаңында Астананы Ресейдің ірі қалаларымен байланыстыру маңызды деп санаймын", — деді Есекешев қазақстандық-ресейлік бизнес форум аясында.
Оның атап өтуінше, қазіргі уақытта Астана мен Ресейдің алты өңірі арасында тікелей әуе қатынас бар.
"Бүгін біз форум аясында Челябі облысының губернаторымен Астана-Челябі тікелей рейсін ашу мәселесін талқыладық", — деді қосты қала басшысы.