Оқиға

Әскерге шақырылу: Көкшетаудың әскери комиссары ұсталды

© SputnikПара беру
Пара беру - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Көкшетау әскери комиссариатының басшысын 50 мың теңгеден аса пара алды деп күдіктеніп отыр.

АСТАНА, 4 қаз — Sputnik. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының Ақмола облысы департаменті Көкшетау қорғаныс істері жөніндегі басқарма басшысы, подполковник Қуанышбек Қамалиевті қолға түсірді деп хабарлайды сыйбайлас жемқорлыққа қарсы ведомствоның баспасөз қызметі.

Ұлттық Бюроның ақпаратына сәйкес, Қамалиев азаматтың әскери қызметке шақырылуын кейінге шегеру үшін 50 мың теңгеден аса пара алған.

Ол айыбын толықтай мойындады.

Қазіргі уақытта  әскери комиссар Көкшетау Ішкі істер басқармасының уақытша ұстау изоляторында отыр. Сотқа дейінгі тергеу жұмысы жүргізілуде.   


Жаңалықтар
0