АСТАНА, 3 қаз – Sputnik. Әлеуметтік желісін тексеру кезінде прокурорлар Өскемен қаласында кәмелет жасына толмаған пайдаланушының өз-өзіне қол жұмсамақ болғандығын анықтаған, деп хабарлайды Шығыс Қазақстан облысы прокуратурасының баспасөз қызметі.
Ведомствода түсіндіріп өткендей, Бас прокуратураның тапсырмасымен қадағалау органдары әлеуметтік желілерде әртүрлі қоғамдық топтардың мониторингін жүргізеді. Жастар арасында өзі-өзіне қол жұмсау әрекеттерін насихаттайтын қоғамдық парақтар белгілі қызығушылық тудырады. Тек қана "ВКонтакте" жүйесінде Бас прокуратура оысндай 8 топты құрсаулаған. Өз-өзіне қол жұмсау қоғамдастықтарында тіркелген пайдаланушыларға аса назар аударылады.
Өскемен қалалық прокуратурасының өкілдері 15 жастағы жасөспірім қыздың әлеуметтік парағына кірген, ол: "Мен ешкімге жамандық жасамадым, мен тек қана осы өмірден кеткім келеді" — деген статус қойып, өз-өзіне қол жұмсайтынын жазған.
Қала прокуратурасы өз-өзіне қол жұмсаудың профилактикасы жөніндегі жұмыс тобына жасөспірім қызға және оның ата-анасына арнайы көмек көрсету туралы дереу тапсырма берді. Жасөсіпіріммен психологтар мен білім беру органдарының өкілдері жұмыс істей бастаған. Ол өзіне ұнайтын жігітен ұрсысып қалғаны және осы оқиғаға байланысты қатты қайғыратынын және ата-анасына айтудан қорыққаны анықталды.
Психологтар мектеп оқушысына көмектесті, оның анасымен қарым-қатынасы жақсарды. Мамандардың пікірінше қыз өз-өзін өлтіруден айныған.