Оқиға

Бәйтерек ауылының тұрғынын зорлады деген күдікті ұсталды

© Sputnik / Медиабанкке өтуқамауға алу
қамауға алу - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Алматы облысының полиция қызметкерлері Бәйтерек ауылының тұрғынын зорлады деген күдіктіні ұстады, деп хабарлады өңірлік ішкі істер департаментінің баспасөз қызметі.

АСТАНА, 30 қыр – Sputnik. Алматы облысының полиция қызметкерлері Бәйтерек ауылының тұрғынын зорлады деген күдіктіні ұстады, деп хабарлады өңірлік ішкі істер департаментінің баспасөз қызметі.

Қылмыс туралы мәлімет Facebook желісіндегі "#НеМолчиKZ сексуалды зорлық-зомбылыққа қарсы ұлттық қозғалысында" жарияланған. Қауымдастыққа 1990 жылғы жігіт хабарласып, 15 қыркүйек күні өздерінің үйінде біреулер анасын ұрып-соғып, зорлағанын хабарлаған. Әйел Есік қаласының ауруханасында жатыр, оның жағдайы ауыр, соққыдан әйел ауыр жарақаттар алған.

56 жастағы жәбірленуінің ұлы өкілетті мемлекеттік органдардан, атап айтқанда Бас прокуратура мен Денсаулық сақтау министрлігінен тергеу барысын ерекше бақылауға алып, медициналық көмек сұраған.

Ұсталған 31 жастағы ер адам уақытша ұстау изоляторына отырғызылды. Ер адам уақытша ұстау изоляторына қамалды. Полиция қызметкерлері ҚР Қылмыстық кодексінің 120-бабы 2-бөлімі бойынша тергеу жұмыстарын жүргізіп жатыр.

Жаңалықтар
0