АСТАНА, 30 қыр – Sputnik. Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев Иордания королі ІІ Абдалла бен әл-Хусейнмен телефон арқылы сөйлесті, деп хабарланады Ақорданың сайтында.
"Әңгіме барысында Нұрсұлтан Назарбаев Иордания монархын елдегі парламент сайлауының табысты өтуімен және үкіметтің жаңа құрамының жасақталуымен құттықтады", — делінген хабарламада.
Екі ел көшбасшылары Қазақстан-Иордания серіктестігінің басымдығы бар бағыттарын талқылады, сондай-ақ өзара сапармен бару тәжірибесін қалыптастыру жөнінде уағдаласты.