Өңірлер

Астанада жылу сенбіде беріледі

© Sputnik / Алексей Мальгавко / Медиабанкке өтуТЭЦ
ТЭЦ - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Жылыту маусымы Астанада сенбі, 1 қазан күні басталады, деп хабарлады елорда әкімдігінің баспасөз қызметі.

АСТАНА, 30 қыр — Sputnik. Жылыту маусымы Астанада сенбі, 1 қазан күні басталады, деп хабарлады елорда әкімдігінің баспасөз қызметі.

Ертең, 1 қазанда қаланың әлеуметтік нысандарына жылу беріледі. Қазіргі кезде көппәтерлі тұрғын үй қоры 2250 үйді құрайды, 30 қыркүйектегі жағдай бойынша жылыту маусымына дайындық жұмыстары толық аяқталды. Тұрғын үйлер бойынша ПИК дайындық құжаттары болған жағдайда "Астана-Теплотранзит" АҚ өтінім береді, содан кейін жылу қосылады.

Айта кетейік, жылыту маусымында орташа тариф 2589 теңгені құрайды. Энергия көздері, инженерлік желілер және тіршілікті қамтамасыз ету нысандары да алдағы жылыту маусымына толық дайын.

2016-2017 жж. жылыту маусымына дайындық кезінде "Астана-Энергия" АҚ негізгі және қосалқы жабдықтарын жөндеу бекітілген кестелерге сәйкес жүргізілді. Қазіргі кезде ЖЭО-1 мен ЖЭО-2 жылыту маусымына 100% дайын, аудандық қазандықтар да жылыту маусымын бастауға әзір.

2016-2017 жж, жылыту маусымы басталғанша станцияларда отынның нормативтік 20 тәуліктік қоры жасалады, ЖЭО-1 бойынша – 36 140 т., ЖЭО-2 бойынша– 185 420 т. Сонымен қатар 2016 жылы әр айда көмір жеткізу кестесі бекітілді. Аудандық қазандықтарда қажетті 19 000 т. көмір қорының 16 000 т. бар. Көмір кестеге сәйкес қазан айынан бастап жеткізіледі. "Астана-Теплотранзит" АҚ жылыту маусымына 100% дайын. "Астана-Теплотранзит" АҚ күрделі жөндеу бағдарламасы бойынша 1,150 км магистральді желіге күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді. Ұзындығы 1,432 км тарату желісіне күрделі жөндеу жүргізілді, 100% орындалды. 3 698м2 құбырдың жылу оқшаулауы қайта жөнделді. 2016-2017жж арналған Астана қ. жылумен жабдықтау жүйесі жұмысының режимдік картасы әзірленіп, келісілді.

"Астана-РЭК" АҚ жылыту маусымына 100% дайын. Үстіміздегі жылдың сәуір айынан қыркүйек айына дейін "Астана-РЭК" АҚ күрделі жөндеу бағдарламасы бойынша бірнеше ӘЖ күрделі жөндеу жұмыстары орындалды. "Астана-РЭК" АҚ қызмет көрсетілетін электр желілерінің жалпы ұзындығы 3 631 км құрайды. Шағын станциялар саны – 1 134 бірлік.

Жаңалықтар
0