Саясат

Елбасы: Шимон Перес соңғы демі таусылғанша халқына қызмет етті

Жазылу
Мемлекет басшысы елшілікте Израильдің бұрынғы Президенті Шимон Перестің рухына арнап гүл шоғын қойып, көңіл айту кітабына жазба қалдырды, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.

АСТАНА, 30 қыр — Sputnik. Мемлекет басшысы елшілікте Израильдің бұрынғы Президенті Шимон Перестің рухына арнап гүл шоғын қойып, көңіл айту кітабына жазба қалдырды, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.

Нұрсұлтан Назарбаев орны толмас қайғыға байланысты Израиль халқына барша қазақстандықтардың және жеке өзінің атынан көңіл айтты.

"Бізді байырғы достық қарым-қатынастар байланыстырды. Шимон Перес өз өмірін халқына қалтқысыз қызмет етуге арнаған көрнекті тұлға еді. Ол шын мәнінде ұлы президент бола білді, оның есімі Израиль халқының жадында әрдайым сақталады. Ол әлемдік ауқымдағы көшбасшы болды. Таяу Шығыстағы қақтығыстарды реттеу ісіндегі Ш.Перестің үлесіне баға жетпейді. Оның бейбітшілікке қол жеткізуге және сақтап қалуға бағытталған қызметін әлемдік қоғамдастық жоғары бағалады. Елдеріміздің екіжақты қарым-қатынасын дамыту үшін де ол көп нәрсе тындырды", – деді Елбасы.

Соңында Қазақстан Президенті Израиль халқына амандық пен бақ-береке тіледі.

Жаңалықтар
0