АСТАНА, 30 қыр — Sputnik. Қазақстандық теннисші Гюзаль Айнитдинова жұмада Шымкентте сыйлық қоры 10 мың доллар болатын ITF сериясы турнирінің жеке сынының финалына шықты.
Жартылай финалда екінші нөмірлі болған Айнитдинова ресейлік Александра Вострикованы 6:4, 4:6, 6:3 есебімен жеңді. Шешуші матчта қазақстандық жартылай финалда өзінің отандасы турнирдің үшінші ракеткасы Маргарита Лазаревадан 6:2, 6:1 есебімен мықтырақ болған ресейлік Ульяна Айзатулинамен ойнайды.
Айнитдинова Шымкентте ITF сериясы турнирінің финалына шықты
12:25 30.09.2016 (жаңартылды: 13:05 01.02.2022)
© Sputnik / Антон Денисов
/ Жазылу
Қазақстандық теннисші Гюзаль Айнитдинова жұмада Шымкентте сыйлық қоры 10 мың доллар болатын ITF сериясы турнирінің жеке сынының финалына шықты.