Оқиға

Достық бекетінің полиция желілік бөлімінің басшысы пара алғаны үшін ұсталды

© Sputnik / Алексей Филиппов / Медиабанкке өтуАрхивное фото СИЗО
Архивное фото СИЗО - Sputnik Қазақстан
Жазылу
ҚР ІІМ Достық бекетінің ІІД желілік полиция басшысы Құйқабаев пен оның орынбасары Мәдібаев пара алғаны үшін ұсталды.

АСТАНА, 30 қыр — Sputnik.  ҚР ІІМ Достық бекетінің ІІД желілік полиция басшысы Құйқабаев пен оның орынбасары Мәдібаев пара алғаны үшін ұсталды деп хабарлайды жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросынан.

"Құқық қорғау органдарының мәліметі бойынша, қызметтік тұлғалар Достық бекеті аумағында қызмет атқарып жатқан логистикалық фирмаларды қорғауға аламыз деп бопсалаған. Осылайша, тауарды кедергісіз тиеу мен ары қарайғы жалпы қорғаушылық үшін кезекті рет 100 000 теңге көлемінде пара алып жатқан сәтте Құйқабаев пен Мәдібаев қолға түсті", —делінген хабарламада.

Қазіргі кезде ұсталғандар Сарқан ауданының ІІБ-нің уақытша ұстау абақтысына жабылды. Соталды тергеу амалдары жүргізілуде.

Жаңалықтар
0